Accessibility links

Белсенді Курамшинді қорғау комитеті құрылды


Азаматтық белсенді Вадим курамшин.
Азаматтық белсенді Вадим курамшин.
Азаматтық белсенді Вадим Курамшинді қорғау комитеті құрылды. Бұл туралы бүгін Алматыда баспасөз жиынын өткізген оның қорғаушысы Руслан Алимурадов пен азаматтық белсенді Жанна Байтелова хабарлады.

Олардың сөзіне қарағанда, Курамшинді қорғауға қажетті қаржы жиналып жатыр. Алимурадов өзінің сот шешіміне қатысты берген шағымы қаралу үшін Жамбыл облыстық сотына жіберілгенін айтты.

24 қаңтарда Жамбыл облысының Қордай аудандық соты Вадим Курамшинді тергеу мерзімі кезінде екі ай қамауға алу туралы санкция шығарған. Оған "ірі көлемде пара алмақ болды" деген айып тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG