Accessibility links

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметті "берген тапсырмаларымды уақытында орындамады" деп қатаң сынады деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Министрлер кабинетінің отырысында сөйлеген Назарбаевтың айтуынша, үкімет президент берген тапсырмаларды дереу орындаудың орнына оны министрліктерге, министрліктер оны орынбасарларына, олар ол тапсырмаларды өзінен төмендегілеріне тапсырады.

"Ақыр соңында бір тапсырма бүкіл Қазақстанды шарлап, бір тапсырмадан ондаған тапсырма шығып кетеді" деген Назарбаев "президенттен тапсырма алған әр министр оны өзі орындауы керек" деп ескерту жасаған.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG