Accessibility links

Каддафидің жақтастары түрмедегі азаптауларды айтты


Ливия басшысы Муамар Каддафи Триполидегі резиденциясында. 10 сәуір, 2011 жыл.
Ливия басшысы Муамар Каддафи Триполидегі резиденциясында. 10 сәуір, 2011 жыл.
Ливияның биліктен қуылып, ажал жеткен басшысы Муамар Каддафидің түрмеде отырған жақтастарының азапталғандары жөнінде жаңа айғақтар пайда болды.

BBC тілшісі Мисурат қаласындағы абақтыда болғанында ондағы тұтқындар түрме қызметкерлерінің өздерін ұрып-соғатынын, электр сымдарымен қинайтынын айтып берген.

Қалалық әскери кеңестің басшысы бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Жақында «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы азаптау жағдайлары көбейіп кеткендіктен, Мисурат түрмесіндегі жұмыстарын тоқтатамыз деп мәлімдеген болатын.

БҰҰ-ның адам құқтары мекемесінің жетекшісі Нави Пиллэй Ливияның өтпелі үкіметін барлық түрмелердегі ахуалды бақылауға алуға шақырды.
XS
SM
MD
LG