Accessibility links

Атырауда оншақты адам алаңға жиналды


Атыраудағы наразылық
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:06 0:00
Бүгін Атырауда күн аяз болып, қар жауып, боран соғып тұрғанына қарамастан, үкіметтік емес ұйымдардың бірқатар өкілдері қала отралығындағы Исатай- Махамбет естерткіші жанына жиналды деп хабарлайды Азатықтың осы аймақтағы тілшісі.

«Арлан» қоғамдық ұйымының жетекшісі Макс Боқаев «Жаңаөзенде шерушілерге оқ атылғанына және 7 ай бойы ереуілде тұрған мұнайшылар белсенділерінің қамалғанына наразылық білдіреміз» деді жиында.

Қала тұрғыны Ерік Өтепалиев «біздің барлығымыз да халыққа оқ атуға бұйрық берген кім екенін және ондай бұйрықты бір ғана адам бере алатынын да білеміз» деп атап көрсетті жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде.

«Заман» қоғамдық ұйымының жетекшісі Тоғжан Қизатова атыраулықтарды Жаңаөзен оқиғасының шындығы айтылсын деп талап етуге шақырды.

Атырауда алаңға келгендер қолдарына үлкен әріптермен «Жаңаөзен» деген сөз жазылған Қазақстан картасын ұстап тұрған.
XS
SM
MD
LG