Accessibility links

Қырғыз түрмелеріндегі аштық акциясы тоқтады


Аузын тігіп тастаған түрме тұтқыны. Бішкек, 25 қаңтар, 2012 жыл.

Аузын тігіп тастаған түрме тұтқыны. Бішкек, 25 қаңтар, 2012 жыл.

Қырғызстан түрмелеріндегі тұтқындардың аштық наразылығы тоқтады деп хабарлайды қырғыз омбудсмені Тұрсұнбек Ақун.

Оның айтуынша, мыңнан астам тұтқын тігіп тастаған ауыздарын қайта сөккен.

Омбудсмен тұтқындардың саяси талаптары орындалмағанымен, абақты жағдайын жақсартуға уәде берілгенін мәлімдеді.

Тұрсұнбек Ақун Степной ауылындағы әйелдер колониясында 250 адам абақты жағдайын жақсарту талабымен аштық акциясын жалғастырып жатыр дейді.

16 қаңтар күні Бішкектегі №1 тергеу абақтысындағы рейд кезінде күш қолданылған болатын. Бұл тұтқындардың наразылығын өршітті. Түрмедегілер аштық жариялап, олардың наразылық акциясын өзге 13 түрменің тұтқындары қолдады. Аштық жариялағандардың саны 6 мыңнан асып, олардың бір мыңдайы ауыздарын тігіп тастаған болатын.
XS
SM
MD
LG