Accessibility links

Иран парламенті мұнай экспортына қатысты дауыс береді


Иран парламентінің жалпы көрінісі.

Бүгін Иран ЕуроОдақ елдеріне мұнай жөнелтуге эмбарго салу мәселесін шешеді.

Шешім қабылданса ол Коституцияны қадағалау кеңесі бекіткен күні күшіне енеді.

Өткен аптада Еуропа Одағы биылғы жылдың шілденің 1-нен бастап Иран мұнайының экспортына тыйым салатын болып Иран орталық банкінің еуропалық активтерін жауып тастаған еді.

Тегеранға ядролық бомба жасауға қажет уран байыту шараларын тоқтату үшін санкциялар біраздан бері салынып келеді.

Иран болса өзінің ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатқа арналғанын мәлімдейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG