Accessibility links

МАГАТЭ инспекторлары Иранға барды


МАГАТЭ делегациясының жетекшісі Херман Нэкертс журналистерге Иран сапары туралы сұқбат беріп тұр.Вена, 28 қаңтар, 2012 жыл
МАГАТЭ делегациясының жетекшісі Херман Нэкертс журналистерге Иран сапары туралы сұқбат беріп тұр.Вена, 28 қаңтар, 2012 жыл
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) инспекторлары Иранға үш күндік сапарларын бүгін бастады.

Олар елдің ядролық нысандарын араламайды, ресми ақпараттарға қарағанда, МАГАТЭ өкілдері Иран басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланған.
Дегенмен, Иранның «Ирна» агенттігінің өз дерек көзіне сілтеме жасап, хабарлауына қарағанда, халықаралық сарапшылар Тегеранның оңтүстігіндегі Фордо аймағандағы уран байыту зауытына баруы ықтимал.

Бұдан бұрын делегация жетекшісі Херман Нэкертс Тегеранды МАГАТЭ-мен қарым-қатынасты ушықтырмайтындай толыққанды ынтымақтастыққа шақырған болатын.

МАГАТЭ-нің қараша айында жарияланған баяндамасында "Иранның ядролық қару жасауға әрекеттеніп жатқанын дәлелдейтін айғақтар бар" деп атап көрсетілген еді.

Тегеран әрдайым да өздерінің мұндай мақсаты жоқ екенін мәлімдейді.
XS
SM
MD
LG