Accessibility links

Ресей Араб лигасының миссияға қатысты шешімін сынады


Сирияда үкіметке қарсы тағы бір наразылық акциясы басып-жаншылғаннан кейін Араб лигасы өзінің 100-ге тарта бақылаушысы бұл елдегі қызметін тоқтатады деп хабарлады.Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров жақында ғана бақылаушылар мандатын бір айға ұзарту жөнінде өтініш жасаған Араб лигасының бұл шешіміне Мәскеудің таңданысын жеткізді.

Бірқатар Араб елдері жұма күні Араб лигасының ұсынысы негізінде дайындалған президент Башар әл-Асадттың биліктен өз еркімен кетуі туралы БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің қарар жобасына қолдау танытқан. Ресей мұндай жоспарды қолдамады.

Сирияның оппозициялық Ұлттық кеңесі шет өлкелердегі Сирия диаспорасын жексенбі күні Ресейдің әр елдегі елшіліктері алдында Мәскеудің Қауіпсіздік кеңесінің қарар жобасын қолдамауына байланысты наразылық акцияларын өткізуге шақырған болатын.

Ресей өзінің жеке қарар жобасын ұсынып, онда Сирия дағдарысы үшін Асадтың әскерлері де, оппозиция да екі тарап та бірдей айыпты деп атап көрсеткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG