Accessibility links

Сирияда тағы да қақтығыстар болды


Сирия жасақтары Дамаскінің маңайындағы елді мекенді бақылап тұр, 26 қаңтар, 2012 жыл.

Сирия жасақтары Дамаскінің маңайындағы елді мекенді бақылап тұр, 26 қаңтар, 2012 жыл.

Жексенбі күні Сириядағы қақтығыстарда үкіметтік күштердің 16 сарбазы мен 5 бейбіт тұрғын қаза тапты. Сириялық адам құқын қорғаушылардың хабарларына қарағанда, Кансафра қаласында әскери колоннаға шабуыл жасалған.

Оппозиция жағына шыққан әскерилер мен билік тарапындағы күштердің шайқасында бейбіт тұрғындар мерт болған.

Сенбі күні Дамаск Араб лигасының бақылаушыларын Сириядан шығару туралы шешімін айыптаған болатын.

Миссия 2011 жылдың желтоқсан айында он ай бойы қақтығыстар жалғасып жатқан Сирияда қантөгісті тоқтату, азаптауларға жол бермеу жоспарымен келген болатын.

БҰҰ-ның мәліметтері бойынша президент Башар әл-Асадтың отставкаға кетуін талап еткен жаппай наразылық басталғаннан бері Сирияда құрбан болған адамдар 5 мыңнан асты.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Сирияға қатысты бірқатар Араб елдері ұсынған қарар жобасын талқылап жатыр.
XS
SM
MD
LG