Accessibility links

Тегі ирандық веб-дизайнер өлім жазасына кесілді


Ирандық веб-дизайнер Саид Маликпур
Ирандық веб-дизайнер Саид Маликпур
Иранның ақпарат құралдарының хабарлауынша, елдің жоғарғы соты Ираннан шыққан Канада азаматы Саид Маликпурды "порнографиялық веб-сайт жасады" деп, өлім жазасына кесті.

"Фарс" агенттігі жоғарғы соттың Маликпурды өлім жазасына өткен жылдың маусымында кескенін, бірақ кейін ол үкімді алып тастағанын жазады. Бірақ өлім жазасының не себепті қайтадан тағайындалғаны айтылмады.

Маликпурдың жақтастары оның "фотографтарға интернетте фотосуреттерді орналастыруға мүмкіндік беретін бағдарлама ғана жасаумен айналысқанын, бірақ кейін оны басқалардың теріс мақсатқа пайдаланып кеткенін" айтады.

2004 жылы Канада азаматтығын алған Маликпур 2008 жылы Иранға келгенінде бірден тұтқындалған еді.
XS
SM
MD
LG