Accessibility links

Үндістан Иран мұнайына эмбарго қоя алмайды


Үндістанның қаржы министрі Пранаб Мухареджи.

Үндістанның қаржы министрі Пранаб Мухареджи.

Үндістанның қаржы министрі Пранаб Мухерджи АҚШ-қа жасаған сапарында "Иран Үндістанды мұнаймен қамтамасыз етіп отырған басты елдердің бірі" екенін айтып, мұнай импорттауға эмбарго қоя алмайтынын мәлімдеді.

Әлемде мұнайды ең көп тұтынатын ірі төрт елдің қатарындағы Үндістан мұнайды негізінен Иран, Нигерия, Парсы шығанағы елдерінен импорттайды. Пранаб Мухерджидің айтуынша, Үндістан өткен жылы Ираннан 106 миллион тонна мұнай импорттаған. Бұл - Үндістан тұтынатын мұнайдың 12 пайызы.

Иранға экономикалық санкциялар салып, мұнай импорттауға эмбарго қойған АҚШ Иран мұнайының басты тұтынушысы - Азия елдерінің де Иран мұнайын тұтынудан бас тартуын қалаған.

Өткен аптада Еуроодақ елдері 1 шілдеден бастап Ираннан мұнай импорттауға эмбарго қойды.
XS
SM
MD
LG