Accessibility links

Пан Ги Мун Африка елдерін гейлерді кемсітпеуге шақырды


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Африка елдерінің басшыларын гейлер мен жыныстық ұстанымы өзгеше адамдарды кемсітпеуге шақырды.

Кеше Эфиопияның астанасы Аддис-Абебада өткен Африка Одағы елдерінің саммитінде сөйлеген Пан Ги Мун "гейлерді екінші деңгейдегі адамдар немесе қылмыскерлер деп санауды қою керек" деді. Оның айтуынша, Африка мемлекеттері осыған дейін жыныстық бағыты өзге адамдарды кемсіту мәселесі өз елдерінде жоқ деп келген еді. Бас хатшы Африка елдеріне мұнымен күресудің қиын болатынын айтты. Пан Ги Мунның бұл мәлімдемесіне Африка елдерінің жетекшілері әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.

Көптеген Африка елдерінде жыныстық бағыттың өзге болуына тыйым салынған және шіркеулерде оған қарсы насихаттар жүргізіледі.

Екі күнге созылатын саммитте Африка Одағы комиссиясының жаңа басшысы сайлануы керек.
XS
SM
MD
LG