Accessibility links

Қытай Батыс елдері мен Далай Ламаны сынады


Тибеттіктердің қуғындағы діни жетекшісі Далай Лама.
Тибеттіктердің қуғындағы діни жетекшісі Далай Лама.
Қытайдың ағылшын тілді "China Daily" басылымы Батыс елдерін өткен аптада Сычуань провинциясында тибеттіктер жасаған наразылықтарды бұрмалап, шиеленістіре жеткізді деп айыптады.

Басылым "Бірқатар Батыс елдері мен қуғындағы Тибет үкіметтері үшін жағдайды пайдаланып қалу және оны бұрмалау үйреншікті жайт" деп жазады. Мұндай пікір өткен аптада Сычуань провинциясында болған жекелеген тибеттіктердің қытай үкімет күштерімен қақтығысында үш адам қаза болғаны туралы хабар тарап, оған АҚШ алаңдаушылық білдірген соң айтылып отыр.

"China Daily" басылымы Тибеттіктердің қуғындағы рухани жетекшісі Далай Ламаны Қытайға қарсы Батыс елдері қаржыландырады деп, "дінді желеу етіп өзінің мақсатын көздеп жүр" деген сыңайда айыптады.

Тибеттен 1959 жылы кетіп қалған Далай Лама өзінің Тибет аймағының іс жүзінде автономия алуы үшін күресіп жүргенін айтады.
XS
SM
MD
LG