Accessibility links

Алматыда ЖСДП жетекшілерін босатуды талап етті


ЖСДП тең төрағасы Жармахан Тұяқбай.

ЖСДП тең төрағасы Жармахан Тұяқбай.

Бүгін Алматыда 28 қаңтарда рұқсат берілмеген митингіге шыққан бір топ адам сол шеруді ұйымдастырғаны үшін қамалған ЖСДП-ның тең төрағасы Болат Әбілевті, партияның бас хатшысы Әміржан Қосановты және партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы Әмірбек Тоғысовты босатуды талап етті деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Алматыда баспасөз жиынын өткізгендер таратқан үндеуде шеруге қатысушылар ЖСДП жетекшілерінің қамалуын билік пен қоғам арасында жанжал тудыратын саяси тапсырыс деп санап, биліктен партия жетекшілерін босатуды талап етті. Жиналғандар сонымен бірге тіркелмеген "Алға" партиясының жеткешісі Владимир Козлов пен партия белсендісі Серік Сапарғалиды, журналист Игорь Винявскийді де босатып, қудалауды тоқтатуды талап етті.

Алматыда өткен баспасөз жиынында партияның тең төрағасы Жармахан Тұяқбай егер ешқандай әрекет етпесе ЖСДП жетекшілерінің ұзақ мерзімге сотталып кететінін, бұған өздерінің жол бере алмайтындарын айтты.

28 қаңтар күні кешкісін Алматының ауданаралық әкімшілік соты «бейбіт жиындар мен митинг өткізу заңдылықтарын бұзды" деп айып тағып, Әбілев, Қосанов және Тоғысов үшеуін 15 тәулікке қамауға алу жөнінде шешім шығарды. Ал Жармахан Тұяқбайға 20 айлық есептік көрсеткіш (30 мың теңгеге жуық) көлемінде айыппұл салды. Үкімді орнынан тұрмай тыңдағаны және пікірін отырып айтқаны үшін "сотқа кұрмет көрсетпеді" деп айтыпталған Болат Әбілевтің жазасына тағы үш тәулік жамалып, ол 18 тәулікке қамалды.
XS
SM
MD
LG