Accessibility links

Сот Курамшинге шыққан санкцияны өзгертпеді


Азаматтық белсенді Вадим Курамшин.

Азаматтық белсенді Вадим Курамшин.

Бүгін Жамбыл облысының апелляциялық соты азаматтық белсенді Вадим Курамшинді екі айға қамау туралы санкцияны өзгеріссіз қалдырды деп хабарлады Азаттық радиосына азаматтық белсенді Жанна Байтелова.

Оның айтуына қарағанда, Курамшиннің қорғаушысы Руслан Алимурадов оны тұтқынға алу туралы санкцияға қарсы шағым берген. Бірақ облыстық прокуратура Курамшиннің тергеу органдарынан қашып кетуі мүмкін екенін айтып, соттан санкцияны өзгертпеуді сұраған.

24 қаңтарда Жамбыл облысының Қордай аудандық соты Вадим Курамшинді тергеу мерзімі кезінде екі ай қамауға алу туралы санкция шығарған. Оған "ірі көлемде пара алмақ болды" деген айып тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG