Accessibility links

Ресейде оппозиция жетекшілері теледебатқа шықты


Ресейдегі тіркелмеген оппозициялық "Парнас" партиясының қозғалысының жетекшілері Владимир Рыжков (сол жақта) пен Борис Немцов.
Ресейдегі тіркелмеген оппозициялық "Парнас" партиясының қозғалысының жетекшілері Владимир Рыжков (сол жақта) пен Борис Немцов.
Ресейдің тіркелмеген оппозициялық ұйымның екі жетекшісі мемлекеттің қатаң бақылауындағы телеарнадағы ток-шоуға қатысты.

Мемлекеттік думаның бұрынғы депутаты және тіркелмеген "Парнас" оппозициялық қозғалысының жетекшісі Владимир Рыжков мемлекеттік "Первый канал Евразия" арнасындағы ток-шоуға қатысса, бұрынғы вице-премьер және "Парнас" жетекшісі Борис Немцов мемлекеттік "Газпром" компаниясы бақылайтын "НТВ" арнасындағы ток-шоуға қатысты.

Екеуі қатысқан бағдарламалар алдын ала түсіріліп, редакцияланған. Бірақ Немцов пен Рыжков екеуі де наурызда өтетін президент сайлауына түсетін премьер-министр Владимир Путинді қатаң сынады. Борис Немцов өзінің телеарнаға бес жылдан бері бірінші рет шақырылып отырғанын айтады.
XS
SM
MD
LG