Accessibility links

Жаңаөзенде төтенше жағдай мерзімі аяқталды


Қала көшесінде тізіліп тұрған полиция жасағы. Жаңаөзен, қаңтар 2012 жыл.

Қала көшесінде тізіліп тұрған полиция жасағы. Жаңаөзен, қаңтар 2012 жыл.

Бүгін, 31 қаңтарда таңғы сағат 7.00-де Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай мерзімі аяқталды.

Желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзенде ереуілшілер мен полицияның арасында болған қақтығыстан кейін, 17 желтоқсанда президент Нұрсұлтан Назарбаев жарлығымен қалада алдымен қаңтардың 5-іне дейін төтенше жағдай тәртібін енгізіп, кейін қаңтардың 4-інде оны қаңтардың 31-і күнгі сағат 7.00-ге дейін ұзартқан болатын.

Жаңаөзен мен Шетпеде желтоқсанның 16-сы мен 17-сі күндері болған оқиғаларда қару қолданудың кесірінен ресми мәліметтер бойынша 17 адам қаза тауып, 100-ге тарта адам жараланды.
XS
SM
MD
LG