Accessibility links

Бірқатар аймақтарда аяз -40 С-ден асты


Қарға тығылып қалған жеңіл көлік. Көрнекі сурет.
Қарға тығылып қалған жеңіл көлік. Көрнекі сурет.
Қазақстанның бірқатар аймақтарында бүгін қатты аяздан мектептерде сабақтар тоқтатылды деп хабарлады "ҚазТАГ" агенттігі.

Астана қалалық білім департаментінің хабарына қарағанда, қала мектептерінде барлық сыныптың оқушылары мен кәсіптік лицей және колледждің бірінші және екінші курс студенттері үшін сабақ тоқтатылған.

Ал Павлодар қаласында аяздың - 40 градустан асуына байланысты мектептерде сабақтар толықтай тоқтаған. Агенттік Ақмола облысының білім басқармасы да облыстың барлық аудандарында мектептерде сабақтар тоқтатылғанын, ауа температурасы минус 36-39 градус аралығында болып тұрғанын хабарлағанын жазады.

"Қазгидромет" орталығының аумақтық бөлімшелері Шығыс Қазақстан облысында қаңтардың 31-інен ақпанның 2-сіне дейін ауа температурасының 44-45 градусқа дейін төмендейтінін хабарлады. Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті осыған орай Омск-Майқапшағай күре жолында қозғалыстың тоқтатылғанын ескертті.
XS
SM
MD
LG