Accessibility links

"Араб көктемі" кезінде Еуропаға 58 мың босқын өтті


БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттігінің Ауғанстандағы лагері. Көрнекі сурет.

БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттігінің Ауғанстандағы лагері. Көрнекі сурет.

БҰҰ-ның босқындар ісі агенттігі 2011 жылы "араб көктемі" тұсында араб елдерінен Жерорта теңізі арқылы Еуропаға өту кезінде 1500-ден астам адамның қайтыс болғанын хабарлады.

Ұйымның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары "бұл сан - агенттік босқындар жөніндегі есебін бастаған бес жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш" дейді. Комиссар сонымен қатар билік пен халық арасында қақтығыс болған араб елдерінен 2011 жылы 58 мың босқын Еуропаға кетіп қалғанын айтты. Бұл да бес жылы ішіндегі ең жоғары көрсеткіш болып отыр.

2008 жылы араб елдерінен 54 мың босқын Италия, Греция және Мальтаға ауып кеткен еді.
XS
SM
MD
LG