Accessibility links

Жаңаөзендіктерге SMS арқылы көмектесуге болады


«Рух пен тіл» клубының белсендісі Инга Иманбай. Алматы, 18 тамыз 2011 жыл.

«Рух пен тіл» клубының белсендісі Инга Иманбай. Алматы, 18 тамыз 2011 жыл.

Бүгін «Рух пен тіл» клубының бастамасымен Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғалардан зардап шеккендерге SMS хабары арқылы көмек көрсету қызметі ашылды. Бұл туралы Азаттық радиосына Алматыда баспасөз жиынын өткізген клуб белсендісі Инга Иманбай хабарлады.

Оның айтуынша, қазақстандық ұялы байланыс операторларының кез-келген түрін пайданалатын адам 9685 нөміріне Help сөзін жазып, SMS жіберу арқылы көмек көрсете алады. Бір SMS-тің құны - 449 теңге.

Бұдан ары байланыс операторлары SMS арқылы түскен қаражатты гуманитарлық көмек қорына аударады. Қор зардап шеккен адамдарға көмек береді.

Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғалардан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін қор бұдан бір ай бұрын "Рух пен тіл" клубының бастамасымен құрылған.
XS
SM
MD
LG