Accessibility links

Евгений Жовтиске рақымшылық жасалды


Құқық қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 10 ақпан 2009 жыл.

Құқық қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 10 ақпан 2009 жыл.

Бүгін Өскемен қалалық соты төрт жылға сотталған құқық қорғаушы Евгений Жовтисті рақымшылық заңына сәйкес мерзімінен бұрын түрмеден босату туралы қаулы шығарды.

Бұл туралы Азаттыққа Евгений Жовтистің өзі хабарлады. Оның айтуынша, мерзімінен бұрын босап шығу туралы қаулы қолына тиген. Бірақ қаулы 15 күннен кейін ғана күшіне енеді. Жовтис босап шыққанша өзі жазасын өтеп жатқан Өскемен қаласының маңындағы қоныстану колониясында болады.

Бүгін сонымен қатар Жовтиспен бірге төрт жылға сотталған журналист Тоқнияз Күшіковтің ісі де қаралуы керек.

Евгений Жовтис пен Тоқнияз Күшіков 2009 жылы абайсызда көлікпен адам қағып өлтіргені үшін бас бостандығынан айырылған.
XS
SM
MD
LG