Accessibility links

"Солидарность" қозғалысы: "Путин, кет!"


Мәскеуде "Солидарность" қозғалысының Кремльге қарама-қарсы ғимараттарға ілген "Путин, кет!" деген ұраны. Мәскеу, 1 ақпан 2012 жыл.

Мәскеуде "Солидарность" қозғалысының Кремльге қарама-қарсы ғимараттарға ілген "Путин, кет!" деген ұраны. Мәскеу, 1 ақпан 2012 жыл.

Бүгін Ресейдегі "Солидарность" оппозициялық тобы Мәскеуде Кремльге қарсы ғимараттарға "Путин, кет!" деген ұран жазылған үлкен плакаттар ілді.

Қозғалыстың белсендісі Павел Елизаров бұл жайында Reuters агенттігіне берген сұхбатында биліктің шерулерге шыққан мыңдаған адамның сөзін елемейтіндігін түсіндіргенін айтқан. "Біз қазір Путиннің қызметтен кетуін талап ететін жаңа бір жолдарды іздестіріп жатырмыз. Себебі Путиннің 12 жыл билікте отырғаны бізді тойдырды" деген белсенді.

Ресей оппозициясы ақпанның 4-інде Мәскеуде 50000 адам қатысатын ауқымды шеру өткізуді жоспарлап отыр. Оппозиция биліктен 2011 жылдың желтоқсанында болған парламент сайлауының нәтижелерін жоққа шығаруды талап етпек.
XS
SM
MD
LG