Accessibility links

Қырғызстан АҚШ-қа ескерту жолдады


АҚШ жалға алған Қырғызстанның Манас әуе базасы. Көрнекі сурет.

АҚШ жалға алған Қырғызстанның Манас әуе базасы. Көрнекі сурет.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың баспасөз қызметі кеше АҚШ-тың осы елдегі елшісі Памела Спратленге "Манас" әуе базасын жалға алу мерзімінің 2014 жылдың соңында аяқталатынын ескертті.

Атамбаев бұл ескеруін Бішкектегі АҚШ елшілішігінің алдында ондаған адам Қырғызстан аумағында АҚШ әскери базасының болуына қарсылық білдіріп үш күн бойы шеру өткізгеннен соң жасап отыр. АҚШ "Манас" әуе базасын 2001 жылдың соңынан бері Ауғанстандағы әскерін керек-жарақпен қамтамасыз ету үшін жалдап отыр.

Атамбаев 2014 жылдан кейін Қырғызстанның әуе базасын халықаралық транзиттік базаға айналдырмақ ниетте екенін бұған дейін де айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG