Accessibility links

АҚШ Өзбекстанға әскери көмек бере бастайды


АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд.

АҚШ Өзбекстанға әскери көмек бермеу туралы санкциясын уақытша алып тастады. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд бұл тыйымның уақытша алынуын Өзбекстанның Ауғанстандағы әскери күштерді керек-жарақпен қамтамасыз етудегі рөлінің артуымен түсіндірді.

Вашингтон 2003 жылы елдегі адам құқықтарының өрескел бұзылып отырғанын айтып, Ташкентке әскери көмек беруден бас тартқан болатын.

АҚШ енді Өзбекстанды GPS жүйесі, түнде бақылау жасайтын аппараттар сияқты ұшпайтын әскери жарақтармен қастамасыз етпек. Бұл АҚШ-қа Ауғанстандағы жол тораптарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Әскери көмек көрсету 2013 жылдың қыркүйегінде тоқтап, тыйым қайтадан күшіне енбек.
XS
SM
MD
LG