Accessibility links

ЕҚЫҰ Қазақстанды саяси тұтқындарды босатуға шақырды


ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясының белгісі. (Көрнекі сурет).

ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясының белгісі. (Көрнекі сурет).

ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясының демократия және адам құқықтары жөніндегі комитеті Қазақстанды саяси тұтқындарды босатуға шақырды.

Комитет төрағасы Маттео Мекассидің кеше таратқан мәлімдемесінде "Қазақстанда көптеген адам шеруге шығып, өз еркін білдіру құқықтарын пайдаланғаны үшін ғана түрмеде отыр. Мен Қазақстанды ЕҚЫҰ алдындағы міндеттерін орындап, Игорь Винявский, Владимир Козлов сияқты саяси тұтқындарды босатуға шақырамын" делінген. Мәлімдемеде тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов пен "Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявскиймен қатар азаматтық белсенді Серік Сапарғалидың, ЖСДП өкілдерінің де қамалғаны айтылады.

Қаңтардың соңында Козлов, Винявский және Сапарғали "әлеуметтік араздықты қоздырды, "мемлекеттік құрылысты күшпен құлатпақ болды" деген айыптар тағылып, екі айға қамалған. Ал қаңтардың 28-інде парламент сайлануының нәтижелеріне қарсылық танытып, Жаңаөзендегі биліктің әрекетін айыптаған шеруге шыққаны үшін ЖСДП өкілдері мен қоғамдық белсенділердің кейбіреулеріне айыппұл салынып, өзгелері 15 күнге қамалды.
XS
SM
MD
LG