Accessibility links

Жанболат Мамайға айып тағылды


"Рух пен тіл" клубының жетекшісі Жанболат Мамай.

"Рух пен тіл" клубының жетекшісі Жанболат Мамай.

"Рух пен тіл" клубының жетекшісі Жанболат Мамайға қылмыстық кодекстің 164 бабының 3 тармағы бойынша "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айып тағылды. Бұл туралы Азаттық радиосына клуб белсендісі Инга Иманбай хабарлады.

Иманбайдың айтуынша, Мамайды кеше ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) тергеуге шақырып, айып таққан және ешқайда кетпеу туралы қолхат жаздырған. Бұған дейін ол аталған бап бойынша сезікті деп танылған болатын.

Қаңтардың 23-і күні ҰҚК Жанболат Мамай мен тіркелмеген "Алға" партиясы өкілдері және бірнеше азаматтық қоғам белсенділерінің пәтерлері мен жұмыс орындарына тінту жасап, кейбірін тұтқындаған болатын.
XS
SM
MD
LG