Accessibility links

Клинтон Жаңаөзен оқиғасына кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды


АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен Қазақстан сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов ЕҚЫҰ-ның Вильнюстегі конференциясында. Литва, 6 желтоқсан 2011 жыл.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен Қазақстан сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов ЕҚЫҰ-ның Вильнюстегі конференциясында. Литва, 6 желтоқсан 2011 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Қазақстанды Жаңаөзен оқиғасын ашық түрде тергеуге және оқиғаға кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды деп жазады мемлекеттік департаменттің ресми өкіліне сілтеме жасаған АҚШ-тың Wall Street Journal басылымы.

Хиллари Клинтон мұны кеше, ақпанның 1-і күні Қазақстанның сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен кездесуінде айтқан. Клинтон Қазақстанды бұған қоса азаматтық қоғам құру ісін одан ары жүргізуге, баспасөз бен діни сенім бостандығын нығайтуға шақырған.

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Вашингтонда өткен конференция кезінде АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия елдері бойынша өкілі Роберт Блейк Қазақстанның саяси жүйесін реформалап, адам құқықтарын сақтау туралы берген уәделері "көп жағдайда орындалмай қалды" деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG