Accessibility links

"Республика" журналисін ҰҚК-ге шақыртты


"Республика" газеті бас редакторының орынбасары Оксана Макушина.
"Республика" газеті бас редакторының орынбасары Оксана Макушина.
Оппозициялық "Республика" басылымының бас редактор орынбасары Оксана Макушина қазір ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Алматы департаментінде тергеуде отыр деп хабарлады басылымның редакциясы Азаттық радиосына.

"Республика" ақпарат құралының мультимедиялық жобалар бойынша редакторы Анастасия Новикованың айтуынша, Оксана Макушина түскі сағат бірден бері ҰҚК-нің Алматы қалалық департаментінде.

Макушина кеше де күндізгі сағат үштен кешкі сағат онға дейін тергеуде болған. ҰҚК қызметкерлері одан қаңтардың 30-ында Игорь Винявскийге қатысты өткен баспасөз жиыны жайлы сұраған. Тергеушілер Оксанадан баспасөз жиынын өткізуге кім итермелегенін, онда сөйлегендердің Винявскийге қылмыстық іс қозғалғаны туралы қаулы мен Винявский таратты делінген үнпарақты қайдан алғанын сұраған.

Басылым қызметкерлері бүгін Макушинамен байланыстың жоқтығынан одан не жайлы сұрап жатқаны белгісіз дейді.
XS
SM
MD
LG