Accessibility links

Панетта: НАТО Ауғанстандағы міндетін ерте аяқтамақ


АҚШ қорғаныс миинстрі Леон Панетта.

АҚШ қорғаныс миинстрі Леон Панетта.

АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта АҚШ және басқа шетелдік әскерилердің 2013 жылдың ортасына қарай әскери қимылдарға қатысуды тоқтатып, "оқу-жаттығу, кеңес беру және көмек көрсету" жұмыстарымен айналысу ниетте екенін мәлімдеді.

Панетта мұны Брюссельге НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлерімен өтетін келіссөздерге жүрерінің алдында айтты. Брюссельдегі келіссөздер Франция президенті Николя Саркозидің Ауғанстаннан француз әскерін 2013 жылы, жоспардан бір ерте шығаратыны туралы ескертпесінен кейін өтейін деп отыр.

АҚШ пен Франция Ауғанстандағы әскерін 2014 жылдың соңына дейін ұстауға уәде бергеніндіктен, келіссөзде Ауғанстандағы НАТО күштерінің мерзімі мен Францияның ұстанымы арасындағы қайшылық шешілуі керек.

Ауғанстан НАТО күштері елден мерзімінен бұрын шығатын болса ауғандық қауіпсіздік күштері дағдарып қалады деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG