Accessibility links

«Голос республики» газетінің ноутбугы мен принтерін алып кетті


ҰҚК қызметкерлері «Голос республики» газетінің принтерін әкетіп барады. Алматы, 2 ақпан 2012 жыл.

ҰҚК қызметкерлері «Голос республики» газетінің принтерін әкетіп барады. Алматы, 2 ақпан 2012 жыл.


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Алматы қалалық департаменті қызметкерлері бейсенбі, ақпанның 2-сі күні кешке оппозициялық «Голос республики» газетінің редакциясын тінтіп, ноутбук пен принтерін алып кетті деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

«Голос республики» газеті бас редакторының орынбасары Оксана Макушинаның айтуынша, ҰҚК қызметкерлерінің бұл құралдарды әкеткен себебі - «Взгляд» газетінің бас редакторы Игорь Винявскийге байланысты ҰҚК шығарған қаулының және тергеушілер «конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге шақырды» деп бағалаған үндеудің көшірмесі осы принтерден басылып шыққан.

«Взгляд» газетінің бас редакторы Игорь Винявский қаңтардың 26-сы күні тұтқындалған еді. Оған жоғарыда сөз болған үндеуді таратқаны үшін «конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге шақырды» деген айып тағылған.

«Республика» веб-сайтының мультимедиалық жобалар жөніндегі редакторы Анастасия Новикованың айтуынша, ҰҚК қызметкерлері төрт сағаттай тінткен. Оның себебі принтер кеңседе емес, офис-менеджердің пәтерінде тұрған. Ал офис-менеджер ауруханада жатқан, сондықтан күндіз оның үйінде ешкім болмаған.
XS
SM
MD
LG