Accessibility links

Дмитрий Рогозин: Ресей балалары отандық ойыншық қарумен ойнағаны жөн


Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Рогозин.

Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Рогозин.

Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Рогозин ресейлік балалардың Батыс елдерінде емес, өз елінде жасалған ойыншық қарулармен ойнағанын жөн көретінін мәлімдеді. Ресейдің НАТО-дағы бұрынғы өкілі Рогозин кәсіпорындарға Ресейдің қару-жарақ және әскери құралдары үлгісіндегі ойыншықтар жасап шығаруға тапсырма берген.

Қазір Ресейдің қорғаныс индустриясын қадағалап отыратын Дмитрий Рогозин қырғи-қабақ соғысы жылдары жасалған неміс танкілерін меңзей отырып, "Ресейлік балалар "Тигрлермен" әбден ойнап болды" деді.

Рогозин бұл мәлімдемесін Ақ теңіздің портты қаласы Северодвинскіде Ресей теңіз флотының болашағына арналған конференцияға қатысқаннан кейін жасады.
XS
SM
MD
LG