Accessibility links

Еуропа кеңесі: Еуропада нәсілшілдік күшейіп барады


Томас Хаммарберг ЕҚЫҰ-ның Венадағы тұрақты кеңесінде. Австрия, 2 ақпан 2012 жыл.

Томас Хаммарберг ЕҚЫҰ-ның Венадағы тұрақты кеңесінде. Австрия, 2 ақпан 2012 жыл.

Еуропалық кеңестің адам құқықтары жөніндегі комиссары Томас Хаммарберг "Еуропада экономикалық дағдарыс пен бюджеттің қатаң жоспарлануы жағдайында нәсілшілдік пен ксенофобия құбылысы күшейіп барады" деп алаңдаушылық білдірді.

ЕҚЫҰ-ның Венада орналасқан тұрақты кеңесінде сөйлеген Хаммарберг дағдарыс пен қатаң экономикалық саясат адамдардың әлеуметтік құқықтарын бұзып, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға қауіп төндіретінін айтты. Ол Еуропа елдерінде адамның фундаменталды құқықтарының әлі де бұзылатындығын айтып, терроризмге қарсы күресте адам құқықтарының бұзылмауына назар аударылу керектігін ескертті. Хаммарберг сонымен қатар бұрынғы Югославия құрамына кіретін елдердегі шешімін таппаған қылмыстарды да назардан тыс қалдырмауды айта кетті.

Хаммарберг негізінен ЕҚЫҰ аймағына кіретін елдердегі созылмалы жанжалдарды шешудегі ең маңызды жайт - адам құқықтарының сақталуына баса мән беру екенін айтты.
XS
SM
MD
LG