Accessibility links

Қырғызстанда жаңа қозғалыс құрылды


Қырғызстанның "Бүтүн Кыргызстан" партиясының жетекшісі Адахан Мадумаров.
Қырғызстанның "Бүтүн Кыргызстан" партиясының жетекшісі Адахан Мадумаров.
Қырғызстанда өткен жылы президент сайлауында жеңіліп қалған "Бүтүн Кыргызстан" партиясының жетекшісі Адахан Мадумаров пен "Ата-Жұрт" партиясының жетекшісі Камчыбек Ташиев жаңа қозғалыс құрды.

Мадумаров пен Ташиев "жаңа қозғалыстың мақсаты - Қырғызстан азаматтарының басын қосып, елде әділеттілік орнату" дейді. Олар үкімет саяси партиялардан және ешқандай партияға мүше емес қарапайым адамдардан құралуы керек деп есептейді.

2011 жылдың қазан айында президент сайлауында Қырғызстанның социал-демократиялық партиясынан түскен Алмасбек Атамбаев жеңіске жетті. Одан кейінгі сайлаушылар дауысының көпшілігін Мадумаров пен Ташиев иеленді.
XS
SM
MD
LG