Accessibility links

Иран орбитаға жер серігін ұшырды


Иран бүгін орбитаға бақылау жасаушы жер серігін орналастырды.

IRNA агенттігінің хабарлауынша, Иранның мемлекеттік ғарыш агенттігінің төрағасы Хамид Фазели салмағы 50 килограмм болатын "Навид" жер серігінің Жерден 250-370 шақырым қашықтықта орбитаға орналастырылғанын айтқан.

Ал Иранның халықаралық Press TV телеарнасы спутникті ирандық мамандардың жасап шығарғанын және оны орбитаға президент Махмуд Ахмединежадтың жарлығымен шығарылғанын хабарлады.

Иран үкіметі спутник ауа-райына қатысты мәліметтер мен жер шарындағы табиғи апаттар жайлы ақпараттарды жинау үшін орнатылды дейді. Ал АҚШ пен Израиль Тегеранның ғарыштық бағдарламасына алаңдаушылық білдіріп, оның ядролық қару тасымалдайтын баллистикалық зымырандарды дамытуға қолданылуы мүмкін екенін айтады.

Тегеран осымен өзі жасаған үшінші шағын спутнигін жер орбитасына орналастырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG