Accessibility links

Ресей: Еуроодақ ішкі ісімізге араласып отыр


Еуроодақтың сыртқы істер бойынша жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон.
Еуроодақтың сыртқы істер бойынша жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон.
Мәскеу Еуроодақтың сыртқы істер бойынша жоғарғы өкілі Кэтрин Эштонды Ресейдің ішкі істеріне араласып отыр деп айыптады.

Ресей сыртқы істер министрінің өкілі Александр Лукашевич "Кэтрин Эштон Еуропа парламентінде сөйлеген сөзінде Ресей билігіне ақыл айтпақ болды" деді. Эштон өз сөзінде Ресей үкіметін оппозициямен диалог жасасып, өзгерістер жасалатын кезді белгілеуге шақырған болатын. Ол сонымен қатар Мәскеуді оппозиция жетекшісі Григорий Явлинскийді президент сайлауына жібермеу туралы шешімін қайта қарауға шақырған.

Александр Лукашевич Кэтрин Эштонның мәлімдемесі "президент сайлауы алдында жасалған біржақты пікір" деп бағалады.
XS
SM
MD
LG