Accessibility links

Діни ұйымдар 25 қазанға дейін қайта тіркелуі керек


Қазақстандағы діни бірлестіктер биылғы жылдың 25 қазанына дейін тіркеуден қайта өтуі тиіс деп мәлім етті бүгін дін істері жөніндегі агенттік төрағасы Қайрат Лама Шәріп. Бұл туралы "ҚазАқпарат" агенттігі хабарлады.

2011 жылы қазанның 11-інде "Дін туралы" заң қабылданып, ол қазанның 25-інде күшіне енді. Құқық қорғаушылар мен халықаралық ұйымдар "жаңа заң діни сенім бостандығы мен адам құқықтарына шектеу қояды" деп алаңдаушылық білдірген.

Жаңа заң Қазақстандағы барлық діни бірлестіктерге қайта тіркеуден өтуді және мемлекеттік мекемелердегі құлшылық ету орындарын жабуды міндеттейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG