Accessibility links

Құқық қорғаушылар түркімен белсендісіне қолдау танытты


Брюсселде орналасқан «Адам құқы үшін халықаралық әріптестік» құқық қорғаушы ұйымы түркімен билігінің азаматтық белсенді Наталья Шабантсқа қысым көрсетіп жатқанына алаңдаушылық танытты.

Мәлімдемеде жұма күні Ашхабадтағы үйінің есігі алдында қанға боялған қойдың басын Шабантстың Азаттық радиосының түркімен редакциясына сұқбат берген күннің ертесінде тауып алғанына назар аударылған. Одан бұрын Шабантс пәтерінің есігі алдында бормен салынған кресті көрген.

Құқық қоғаушылар әріптесімізді қорқытып-үркіткілері келеді деп мәлімдеп, елде адам құқтарының аяққа тапталатыны, демократия нормалары сақталмайтыны үшін билікті сынап жүрген түркімендік белсендіге қарсы науқан жүргізіліп жатыр деп есептейді.
XS
SM
MD
LG