Accessibility links

Шерушілер Болотный алаңына жиналып жатыр


Мәскеудің орталығындағы "Әділ сайлау үшін!" акциясы. 4 ақпан, 2012 жыл.
Мәскеудің орталығындағы "Әділ сайлау үшін!" акциясы. 4 ақпан, 2012 жыл.
Мәскеудегі Болотный алаңына «Әділ сайлау үшін!» акциясына қатысуға 30 мыңға жуық адам жиналды, тағы да 50 мыңдай кісі келе жатыр деп хабарлаған «Интерфакс» агенттігіне ұйымдастырушылардың бірі Владимир Рыжков.
Ұйымдастырушылардың енді бірі Сергей Пархоменко акцияға 70 мыңнан астам адам шықты дейді.

Дегенмен ІІМ-нің соңғы деректері бойынша наразылық акциясына қатысушылардың жалпы саны 23 мыңнан аспайды.

Поклонный жотасындағы билікті қолдаушылардың акциясына қатысушылар 100 мыңнан асты деп хабарлаған аймақтық қауіпсіздік ұйымының астаналық департаментінен

Полиция Владимир Путинді қолдаушылардың митингісін ұйымдастырушылар жауапкершілікке тартылуы мүмкін, өйткені акцияға 15 мың адам қатысады деп мәлімделген болатын, олардың саны бірнеше есеге артып кетті дейді.

4 ақпанға дейін бюджеттік мекеме қызметкерлерін биліктің митингісіне қатысуға мәжбүрлеп жатқаны турасында көптеген ақпарат түскен.
XS
SM
MD
LG