Accessibility links

Болотныйдағы митингінің соңында қарар қабылданды


Мәскеудің орталығындағы шерушілер. 4 ақпан, 2012 жыл.

Мәскеудің орталығындағы шерушілер. 4 ақпан, 2012 жыл.

Мәскеудегі «Әділ сайлау үшін!» митингісінің нәтижесінде Ресей билігіне талаптар қойған қарар қабылданды.

Азаттық радиосы орыс редакциясының тілшісі қарарда парламент сайлауының қорытындысын жарамсыз деп тану, «Яблоко» партиясының негізін қалаушы Григорий Явлинскийді президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркеу, саяси тұтқындарды босату сияқты талаптар бар деп хабарлады.

Ұйымдастырушылардың деректері бойынша акцияға 120 мыңдай адам қатысқан. Ал ІІМ наразылық акциясына жиналғандар 36 мыңдай болады дейді.

Сахаров даңғылындағы әділ сайлауларға шақырған акцияға 150-дей адам қатысқан.
XS
SM
MD
LG