Accessibility links

Республикалықтардың президенттік сайлауға қатысатын үміткері Митт Ромни Невада штатындағы алдын-ала сайлауларда 48 пайыз дауыс алып, өз жеңісін бекіте түсті.
Массачусетс штатының бұрынғы губернаторы Митт Ромнидің бұл көрсеткіші оның басты қарсыласы - Өкілдер палатасының бұрынғы спикері Ньют Гингричтің көрсеткішінен екі есе көп.

Ромни осымен штаттарда бес рет өткен алдын-ала сайлауларды үшінші рет жеңіске жетіп отыр.

Республикалықтардың президенттікке үміткерлері енді сейсенбі күні Миннесота, Колорадо және Миссури штаттарындағы сайлаушылардың дауыстары үшін бәсекелесетін болады.
XS
SM
MD
LG