Accessibility links

Жаңаөзеннің әкімі қаржы полициясына шақырылды


Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеев.19 желтоқсан, 2011 жыл.

Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеев.19 желтоқсан, 2011 жыл.

Маңғыстау облысындағы желтоқсан айында жаппай тәртіпіздіктер болған Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеев 5 ақпан күні қаржы полициясы департаментіне баруды міндеттейтін шақырту алды деп хабарлаған «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне жексенбі күні өзінің сенімді ақпарат көзі.

«Бүгін түнде әкім емделіп жатқан Ессентукиден ұшып келді. Әуежайда шекара қызметі құжаттарын тексерген соң жіберген. Әкім қазір облыс орталығы Ақтау қаласында. Оның қолында бүгінгі күнге қаржы полициясына шақыртқан повестка бар»,- деген агенттіктің бұлақ көзі.

Азаттық радиосының тілшісі жексенбі күні Маңғыстау облыстық қаржы полициясына телефон шалып көрген еді. Мекеменің кезекші қызметкері "бүгін жұмыста ешкім жоқ. Сарбөпеев жөнінде ешнәрсе білмеймін" деген жауап берді.

16-17 желтоқсан күндері Жаңаөзен мен Шетпедегі толқуларда ресми деректер бойынша 17 адам құрбан болып,100-ден астам адам жарақаттанды.

Жаңаөзенде 31 қаңтарға дейін төтенше жағдай тәртібі енгізілді.
Қаңтар айының яғында Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаев Жаңаөзен оқиғасы бойынша тергеу амалдарының қалай жүргізіліп жатқанын айта келіп, Жаңаөзеннің бұрынғы және қазіргі әкімдері Жалғас Бабаханов пен Орақ Сарбөпеев «Жанашыр», «Жарылқау» деп аталатын қоғамдық қорлар арқылы қаржы ұрлаған деп мәлімдеген-ді.

«Осы аталған қорларда «Қазмұнайгаз» АҚ-ның қала тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсетуген бағытталған демеушілік қаржысы жинақталған»,-деп атап көрсеткен еді бас прокурор.

Кейіннен Жалғас Бабахановтың ұсталғаны жөнінде хабарланды.
XS
SM
MD
LG