Accessibility links

Каирде жаппай тәртіпсіздіктер жалғасып жатыр


Наразылық акциясындағылардың бірі көзден жас ағызатын газдан қорғанып бетіне сүт шашып жатыр. Каир, 3 ақпан, 2012 жыл.

Наразылық акциясындағылардың бірі көзден жас ағызатын газдан қорғанып бетіне сүт шашып жатыр. Каир, 3 ақпан, 2012 жыл.

Мемлекеттік телеарна сенбі күні салық полициясының ғимараты шабуылға душар болғанын хабарлаған.Бақылаушылар бұл наразылық акцияларын Порт-Саидтегі футбол жанкүйерлерінің 74 адам қаза болған қақтығыс жанжалымен байланыстырады.

Наразылық білдірушілер билікті көпшілік орындарда тәртіпті қамтамасыз ете алмай, қан төгілуіне жол берді деп айыптайды.

Каирде соңғы төрт тәуліктегі полиция мен шерушіілер қақтығысында 12 адам өлген.
Өткен апта Египетте Хосни Мүбәрак тақтан кетіріліп, билік уақытша әскери үкіметтің қолына өткеннен бергі уақыттағы ең бір қанды апта болды.

Египеттің қоғам қайраткерлері мен заң шығарушыларының бір тобы Ішкі істер министрлігінің өкілдерімен кездесіп, қақтығыстар мен қару қолдануды тоқтату турасында ақылдасулар өткізді.
XS
SM
MD
LG