Accessibility links

Женева: Қазақстандағы репрессияға наразылық


Жексенбі күні Германияда тұратын қазақ суретшісі Раушан Толғанбаева Швейцарияның астанасы, Женева қаласындағы БҰҰ-ның ғимараты алдында Қазақстандағы репрессияларға қарсы наразылық акциясын өткізген.

Оқиға орнынан Азаттық радиосының тілшісіне телефон арқылы сұқбат берген Раушан Толғанбаева Жаңаөзенде бейбіт шеруге шыққандарға биліктің оқ атқанына, кейіннен оппозиция белсенділері мен тәуелсіз журналистерге қарсы репрессияның жүріп жатқанына наразылық танытып осы акцияны өткізіп тұрғанын айтты.

Раушан Толғанбаева Берлинде тұрады, сонда жұмыс істейді. Бүгінгі қадамы туралы ол әдеуметтік желілер арқылы хабарлап, Швейцарияда тұратын Қазақстан азаматтарын акцияға қосылуға шақырған. Азаматтық белсендіге қолдау танытқан германиялық танысы наразылық акциясына бірге қатысыпты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG