Accessibility links

Еуропаны аяз қысып, қар құрсаулап тұр


Қар басқан Сараево қаласы. 3 ақпан, 2012 жыл,

Қар басқан Сараево қаласы. 3 ақпан, 2012 жыл,

Еуропадағы үскірік аяздың құрбандары Украинада 130-дан асса, Польшада 53-ке жеткен.

Жексенбі күні Боснияның қалыңдығы 2 метрлік қар басып қалған ауылдарынан науқас адамдарды тік ұшақпен тасымалдап, мыңдаған тұрғындарға азық-түлікті әуе көлігімен жеткізуге тура келді.

Сербияда қар басып қалған жерлерде сыртқы өмірден қол ұзіп қалған тұрғындар 70 мыңнан асқан. Елдің астанасы Сараево мен тағы да 32 муниципалитетте төтенше жағдай енгізілді.

Еуропадағы ең үлкен әуежайлардың бірі – Лондонның «Хитроу» әуежайында түнде жауған қардың қалыңдығы 15 сантиметрге жетіп, рейстердің 30 пайызы ұшпай қалды.

Италияның солтүстігіндегі Флоренцияда поездар қозғалысында іркіліс байқалды.
XS
SM
MD
LG