Accessibility links

Кентау қатты аязда жылусыз қалды


Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қаласында жылу беру орталығы істен шығып, қала 30 градустық аязда жылусыз қалды деп хабарлады қала әкімі Нұржігіт Қалмұрзаевқа сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Нұржігіт Қалмұрзаевтың айтуынша, ақпанның 3-інен 4-іне қараған түні жылу беру орталығында апат болып, барлық қазандықтар істен шыққан. Қазір жылу беру орталығын іске қосу үшін арнайы штаб құрылған.

Агенттік қалада мектептер мен балабақшаларды жылыту үшін қосалқы шағын қазандықтарды қосып жатқанын жазады. Қалада электр энергиясын тұтыну көлемі артқан.

Кентауда 80 мыңдай адам тұрады.

AzattyqTV

Мамайды қолдаушылар

Белсенділерді полиция ұстады

XS
SM
MD
LG