Accessibility links

Козловты әйелімен жолықтыруға рұқсат берілді


Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова.
Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова.
Бүгін тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова күйеуімен кездескенін хабарлап Азаттық радиосына сұхбат берді.

Тұрысбекова Козловпен терезе арқылы тілдескен және оларды ҰҚК қызметкері бақылап тұрған. "Негізі жағдайы жаман емес сияқты көрінгенімен, бір ауырлық бары білінеді дейді ол.

Әлия Тұрысбекованың айтуынша, Козлов өзіне медициналық тексеру жасаған кезде қуық ауруы анықталғанын және оған операция жасау қажет екендігін хабарлағанын айтқан. Бірақ операцияны қашан және қай жерде жасайтыны белгісіз.

Әлия Тұрысбекова күйеуімен кездесу үшін бүгін таңертең Варшавадан келген. Варшавада ол Польшаның "Солидарность" партиясының өкілдерімен кездесіп, Польшаның мемлекеттік телеарнасынан тікелей эфирден жаңаөзен оқиғасы мен одан кейінгі тінту және тұтқындау шаралары жайында сөйлегенін де баяндады.

Ол бүгін өзіне "Алға" партиясының Петропавлдағы кеңсесінің қоршауға алынғанын хабарлағанын, партия белсенділерінің тергеуге шақырылып жатқанын да баяндады.

Қаңтардың 26-сы күні Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Владимир Козловты "әлеуметтік араздық туғызды" деген айыппен екі ай қамауға алу туралы шешім шығарған.
XS
SM
MD
LG