Accessibility links

HRW: Меркель Қазақстандағы адам құқықтарын айтуы керек


Human Rights Watch ұйымының белгісі.
Human Rights Watch ұйымының белгісі.
Human Rights Watch ("Хьюман Райтс Вотч") ұйымының Еуропа және Орталық Азия қызметінің директоры Хью Уильямсон "Германия канцлері Ангела Меркель 8 ақпанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде Қазақстандағы адам құқықтарына қатысты мәселелерді көтеруі керек" деп мәлімдеді. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.

Хью Уильямсон бүгін таратқан мәлімдемесінде "Меркель Назарбаевты негізінен Жаңаөзенде 16 желтоқсандағы оқиғаларда қаза тапқан 14 адамның әрбірінің өліміне тергеу жүргізуге шақыру керек" дейді. Ол сонымен қатар тұтқындалған оппозиция өкілдері босатылуы керек деп санайды.

Екіжақты кездесу адам құқықтары мәселесін шешуге мүмкіндік береді деп есептейтін құқық қорғау ұйымы "Қазақстан билігі тұтқындалған оппозиция белсенділеріне екіұшты, бұлыңғыр, "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айып тағудан бас тарту керек" дейді.

HRW ойынша, Меркель сөз бостандығы мен шеру өткізуге шектеу қою, оппозициялық "Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявскийдің тұтқындалуы сияқты мәселелерді де көтеруі керек.
XS
SM
MD
LG