Accessibility links

Жаңаөзен әкімін қаржы полициясы тұтқындады


Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеев.
Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеев.
Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеевті бүгін қаржы полициясы ұстап әкетті деп хабарлады Маңғыстау облыстық ішкі саясат департаментінің өкілі Нұрбол Телегенов Азаттық тілшісіне берген сұхбатында.

Ал Маңғыстау облыстық прокуратурасының прокуроры Бауыржан Бердібековтың айтуынша, Сарбөпеевқа қатысты істі бас прокуратура жеке қадағалауына алған.

Нұрбол Телегеновтің айтуынша, Жаңаөзен қаласының әкімі міндетін атқару әкімнің орынбасары Қайрат Нұрмахановқа уақытша жүктелген.

Бұған дейін бас прокурор Асхат Дауылбаев Жаңаөзен қаласының бұрынғы және қазіргі әкімдері Жалғас Бабаханов пен Орақ Сарбөпеевті қаланың әлеуметтік дамуына бөлінген қаржыны жымқырды деп айыптаған.
XS
SM
MD
LG