Accessibility links

«Алға» аймақтық филиалдарының мүлкі тәркіленді


Бүгін тіркелмеген «Алға» партиясының Қостанай және Петропавл қалаларындағы филиалдарының мүлкін ҰҚК қызметкерлері тәркілеп жатыр деп хабарлады партия жетекшісі Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова Азаттық радиосына.

Оның айтуынша, тәркілеу Жаңаөзен қаласының прокуроры Марат Тойжанның санкциясы бойынша жүргізіліп жатыр.

Бірақ Әлия Тұрысбекова заңгер ретінде мұның заңға қайшы екенін айтады.

Бұған дейін Жаңаөзен қаласы прокурорының санкциясы бойынша Жаңаөзен оқиғасына қатысты белсенді Айжангүл Әміроваға қарсы қозғалған қылмыстық істің аясында партияның Алматы қаласындағы кеңсесі мен бірнеше белсендісінің үйіне ҰҚК қызметкерлері тінту жасаған.
XS
SM
MD
LG