Accessibility links

Серік Баймағамбетовке қарсы іс қозғалды


Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов. Астана, 2009 жыл.

Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов. Астана, 2009 жыл.

Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов "қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны және ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталып, қамауға алынды" деп хабарлады бүгін экономикалық және сыбайлас қылмысқа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі.

Агенттіктің мәліметі бойынша, 3 ақпанда Серік Баймағамбетов ұсталып, оған қарсы "қызметтік өкілетін асыра пайдалану және ірі мөлшерде пара алу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал 5 ақпанда Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының санкциясымен тұтқындалған.

Серік Баймағамбетов бұған дейін президент әкімшілігінде басшылық қызметтерді атқарды. Әділет министрі, экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы, ішкі істер министрі болды. 2011 жылдан бері кедендік бақылау комитетін басқарып, ақпанның 2-сінде ресми түрде қызметінен алынды.
XS
SM
MD
LG